Бүгінгі таңда ҚАЖ қызметіндегі психолог мамандар сотталғандармен психологиялық жұмыс жасау барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 60 мекемесінің АКАӘПТБ – нің психолог мамандары сотталғандарға диагностика жасауда метафоралық карталарды пайдаланды. Психолог Сабитқызы Салтанаттың айтуы бойынша:
Метафоралық карталар — бұл адамның сана-сезімінің ассоциациялары мен суреттерін зерттеуге мүмкіндік беретін қуатты және тиімді құрал.
Карталар әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін, оларда сюжеттер, абстракциялар, пейзаждар, заттар, портреттер, сөздер бейнеленген.
Картаны қарау және сипаттау кезінде сотталған эмоцияны сезіне бастайды, жағдайларды еске түсіреді, қорытынды жасайды, әртүрлі ойларға түседі. Карточкадағы сурет кез-келген болуы мүмкін, бірақ жазасын өтеуші азамат оның қазіргі жағдайына не сәйкес келетінін таңдайды. Қарап отырып, қиял қосылады, күтпеген бұрылыстарға, көзқарастар мен ашылуларға әкелуі мүмкін ассоциация механизмі іске қосылады.
Бүгін жазасын өтеушілерге жеке және топтық қабылдау өткізіп, метафоралық карталардың көмегімен сотталушының мәселесін шешуге мүмкіндік алдық.
Өйткені , кей қабылдауымызда болатын азаматтардың ашылуы қиын, кейбірі нақты шешім қабылдауға қауқарсыз.
Біз оларға таңдаған карталарындағы бейнелерге қарап,таңдау себебін сұрймыз. Әңгімелеу барысында олар ашылып сөйлесіп, мазалаған ойларын айтады. Сондай-ақ, оларға метафоралық түрде жеке мәселелерін пысықтауды, өмір жолына оң өзгерістер енгізуді ұсынамыз.
Мұндай карталармен жұмыс олардың бойында қауіпсіздік пен сенімділік атмосферасын құруға талпындырады. Сынға ұшырау немесе қорлық көру қаупін азайтады.
Бұл әдіс өз қателіктерінен запа шеккендердің өз-өздерін танып, дағдарысты еңсеруіне және жарақаттың салдарынан емделуіне ықпал етеді. Қорыта айтқанда, қайткен күнде де сотталғандарға психологиялық көмек берудің тиімді әдістерін қарастырамыз.
Өйткені,темір торда қамауда болған ересек адамдарды өмірге қайта беімдеу күрделі процес- дейді, психолог Кульбаева Шынар


