12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖК төрағасының орынбасары Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне іссапармен келді

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары әділет полковнигі Д.Тайжанов Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты #79 мекемесіне жұмыс сапарымен келді.

Атыраудағы жұмыс сапарының барысында төраға орынбасары департамент басшылығымен бірге түзеу мекемесінің жалпы өмірімен танысып, сотталғандардың тұрғын үй-жайларын, асхана, өндірістік аймақтарды, медико-санитарлық бөлімін, кітапхана, қысқа және ұзақ мерзімді кездесу бөлімін және түзеу мекемесі жанындағы мектеп пен колледжді аралады.

Арнайы контингенттің өтініштері мен арыздарын беру үшін арналған терминалдардың жұмысын тексеріп, сотталған азаматшаларды жеке сұрақпен қабылдады.

Мекеме аумағындағы РМК «Еңбек-Батыс» филиалы, «ЭРТРИ», «Белый квадрат» ЖШС, «Адай», «Кәусар», «АСМА», «АЯС», «Алмаз» ЖК-лерінде жұмыс жасайтын сотталған азаматшалардың ұсынған әртүрлі бұйымдары жәрмеңкесіне қатысты.

Сонымен қатар, түзеу мекемесін аралау барысында қарауыл үй-жайын, бейнебақылау жүйелерін, БӨП өткізу тәртібін және қару-жарақ қоймасы мен арнайы құралдар және арнайы жоспарларын қарап, қызметкерлердің жауынгерлік дайындықтарын тексерді.

Мекеменің аумағында орналасқан жылыту қазандықтарының үй-жайын, автотұрақтарды, киім-кешектер мен төсек жабдықтар және азық-түліктер сақтайтын қоймаларды, сондай-ақ әкімшілік ғимаратын аралады.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...