ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Өңірге жұмыс сапары барысында төрағаның орынбасары Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығымен бірлесіп кейбір ведомстволық бағынысты мекемелерге барды.
Сапар барысында №12 мекемеде ұсталған сотталғандардың тұрмыстық жағдайларын қарап, әкімшілік ғимараттарды, режимдік корпустарды, оның ішінде 8А корпусын, тәртіптік изоляторды және ұстаудың қатаң шарттарын аралау жүзеге асырылды.
Сағат Мәдиев сондай-ақ №71 мекеменің өтініштер, шағымдар беруге арналған электрондық терминалдардың жұмысын және жүкті сканерлеуге арналған тексеру қондырғысын, сонымен қатар периметр мен күзет жүйесін тексерді.
Мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылды.
ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары тұтас бейнебақылауға және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауға қатысты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.


