ҒЫЛЫМСЫЗ ДАМУ ЖОҚ

Қазақстанда ғылымды дамыту – жай ғана даму басымдығы емес, ұлттық қауіпсіздік пен егемендіктің тірегі. Біз ғылымды дамытпай, индустрияны, ауыл шаруашылығын, тіпті, цифрлық экономиканы да ілгерілете алмаймыз. 

Соңғы жылдары отандық ғылымда оң өзгерістер байқалуда. Ғалымдарға арналған гранттар көлемі өсті, ғылыми кадрларды даярлауға арналған бағдарламалар пайда болды. Бірақ бұл шаралар жеткілікті емес. Мəселен, 2023 жылы елімізде ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан аспады, бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда бірнеше есе аз. Нақты мысал – Назарбаев университетінің түлектері арасында физика, инженерия саласындағы үздік студенттердің көпшілігі шетелдік зертханаларға кетуде. Олар ғылыммен еркін айналысу үшін шетелдік ғылыми ортаны таңдайды. Бұл – еліміздің интеллектуалдық əлеуетінен айырылып қалу қаупін туғызады. Биыл алғаш рет Ғылым жəне жоғары білім министрлігі дарынды оқушылар мен жас ғалымдарға қолдау көрсету үшін «Жас ғалым» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама арқылы 500-ге жуық зерттеуші шетелдік тағылымдамадан өтті. Бұл – жақсы қадам. Бірақ жүйелі өзгеріс үшін ғылымға бөлінетін қаржыны ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізу қажет.

Ғылымға инвестиция – стратегиялық таңдау

Профессор Алмас Ерғалиевтің пікірінше: «Біз ғылымды тек рейтинг үшін емес, нақты экономикалық қажеттілікке қарай дамытуымыз керек. Мысалы, ауыл шаруашылығында өнімділік пен климатқа бейім дақылдарды өсіру үшін аграрлық ғылым алда жүруі тиіс». Оның айтуынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді селекциялау, топырақты сақтау технологияларын жетілдіру – тек ғылыми негізде шешілетін мəселелер. Сол сияқты, геология, биотехнология, медицина, энергия көздерін дамыту бағыттарында да отандық ғылымның əлеуеті жоғары. Алайда қаржыландыру тапшылығы мен зертханалық база жетіспеушілігі бұл əлеуетті толық ашуға мүмкіндік бермей отыр. Жас

Жас ғалымға жол ашық па?

Жас зерттеушілердің айтуынша, ғылыммен тұрақты айналысу үшін академиялық еркіндік, материалдық тұрақтылық жəне тəжірибе алмасуға қолайлы жағдай қажет. Алайда Қазақстанда ғылыммен айналысатын жас мамандардың жалақысы орта есеппен 150–250 мың теңге шамасында. Бұл – дарынды жастарды ғылымнан алыстататын факторлардың бірі. Физика ғылымдарының кандидаты Əсел Мырзақұлова: «Мен шетелде постдокторантурадан өтіп, елге оралдым. Бірақ қолда бар білімімді толық пайдалануға мүмкіндік аз. Көп жағдайда жобаларды қаржыландыру жүйесі күрделі, ал тəжірибелік іске көшуге кедергілер көп» дейді. Ғылым – болашақтың негізі. Оған салынған инвестиция бірден қайтпауы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді нəтижесі елдің тəуелсіздігі мен əл-ауқатын айқындайды. Бұған мысал ретінде Корея, Финляндия, Израиль сияқты ғылымға сүйеніп дамыған елдерді келтіруге болады. Олар ғылым мен технологияны ұлттық басымдыққа айналдыра алды. Елімізде де ғылыми əлеуетті күшейту – стратегиялық міндет.

Бұл үшін ең алдымен: • ғылымға бөлінетін қаржыны арттыру; • ғылыми инфрақұрылымды жаңарту; • зерттеулер нəтижесін өндіріске енгізу; • ғылыми мамандықтардың беделін көтеру; • мектептен бастап ғылымға қызығушылықты қалыптастыру қажет. Тек сонда ғана Қазақстан ғылым арқылы өзін дамыған мемлекеттердің қатарына қосыла алады. Ғылымның қадірін білетін уақыт келді. Енді оны кешіктірмей, нақты іспен дəлелдейтін кезең туды.

Самал АСҚАР

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...