12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҒЫЛЫМСЫЗ ДАМУ ЖОҚ

Қазақстанда ғылымды дамыту – жай ғана даму басымдығы емес, ұлттық қауіпсіздік пен егемендіктің тірегі. Біз ғылымды дамытпай, индустрияны, ауыл шаруашылығын, тіпті, цифрлық экономиканы да ілгерілете алмаймыз. 

Соңғы жылдары отандық ғылымда оң өзгерістер байқалуда. Ғалымдарға арналған гранттар көлемі өсті, ғылыми кадрларды даярлауға арналған бағдарламалар пайда болды. Бірақ бұл шаралар жеткілікті емес. Мəселен, 2023 жылы елімізде ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан аспады, бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда бірнеше есе аз. Нақты мысал – Назарбаев университетінің түлектері арасында физика, инженерия саласындағы үздік студенттердің көпшілігі шетелдік зертханаларға кетуде. Олар ғылыммен еркін айналысу үшін шетелдік ғылыми ортаны таңдайды. Бұл – еліміздің интеллектуалдық əлеуетінен айырылып қалу қаупін туғызады. Биыл алғаш рет Ғылым жəне жоғары білім министрлігі дарынды оқушылар мен жас ғалымдарға қолдау көрсету үшін «Жас ғалым» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама арқылы 500-ге жуық зерттеуші шетелдік тағылымдамадан өтті. Бұл – жақсы қадам. Бірақ жүйелі өзгеріс үшін ғылымға бөлінетін қаржыны ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізу қажет.

Ғылымға инвестиция – стратегиялық таңдау

Профессор Алмас Ерғалиевтің пікірінше: «Біз ғылымды тек рейтинг үшін емес, нақты экономикалық қажеттілікке қарай дамытуымыз керек. Мысалы, ауыл шаруашылығында өнімділік пен климатқа бейім дақылдарды өсіру үшін аграрлық ғылым алда жүруі тиіс». Оның айтуынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді селекциялау, топырақты сақтау технологияларын жетілдіру – тек ғылыми негізде шешілетін мəселелер. Сол сияқты, геология, биотехнология, медицина, энергия көздерін дамыту бағыттарында да отандық ғылымның əлеуеті жоғары. Алайда қаржыландыру тапшылығы мен зертханалық база жетіспеушілігі бұл əлеуетті толық ашуға мүмкіндік бермей отыр. Жас

Жас ғалымға жол ашық па?

Жас зерттеушілердің айтуынша, ғылыммен тұрақты айналысу үшін академиялық еркіндік, материалдық тұрақтылық жəне тəжірибе алмасуға қолайлы жағдай қажет. Алайда Қазақстанда ғылыммен айналысатын жас мамандардың жалақысы орта есеппен 150–250 мың теңге шамасында. Бұл – дарынды жастарды ғылымнан алыстататын факторлардың бірі. Физика ғылымдарының кандидаты Əсел Мырзақұлова: «Мен шетелде постдокторантурадан өтіп, елге оралдым. Бірақ қолда бар білімімді толық пайдалануға мүмкіндік аз. Көп жағдайда жобаларды қаржыландыру жүйесі күрделі, ал тəжірибелік іске көшуге кедергілер көп» дейді. Ғылым – болашақтың негізі. Оған салынған инвестиция бірден қайтпауы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді нəтижесі елдің тəуелсіздігі мен əл-ауқатын айқындайды. Бұған мысал ретінде Корея, Финляндия, Израиль сияқты ғылымға сүйеніп дамыған елдерді келтіруге болады. Олар ғылым мен технологияны ұлттық басымдыққа айналдыра алды. Елімізде де ғылыми əлеуетті күшейту – стратегиялық міндет.

Бұл үшін ең алдымен: • ғылымға бөлінетін қаржыны арттыру; • ғылыми инфрақұрылымды жаңарту; • зерттеулер нəтижесін өндіріске енгізу; • ғылыми мамандықтардың беделін көтеру; • мектептен бастап ғылымға қызығушылықты қалыптастыру қажет. Тек сонда ғана Қазақстан ғылым арқылы өзін дамыған мемлекеттердің қатарына қосыла алады. Ғылымның қадірін білетін уақыт келді. Енді оны кешіктірмей, нақты іспен дəлелдейтін кезең туды.

Самал АСҚАР

Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облысы Кеген ауданының әкімі: Арманым – ел бақытына бөлену

– Нұрбақыт Молдахметұлы, мемлекеттік қызметте жауапкершілікті -  іскерлікпен, біліммен, тәжірибемен айқындап беретін   аудан әкімі лауазымындағы  алғашқы қадамыңыз қалай, неден басталды?

Отголоски старых патриархальных взглядов

​ОДНИМ ИЗ ГЛАВНЫХ ПОКАЗАТЕЛЕЙ ПРАВОВОГО И ДЕМОКРАТИЧЕСКОГО ГОСУДАРСТВА ЯВЛЯЕТСЯ ГЕНДЕРНОЕ РАВЕНСТВО – КОНЦЕПЦИЯ, НАПРАВЛЕННАЯ НА ОБЕСПЕЧЕНИЕ РАВНОПРАВИЯ ЖЕНЩИН И МУЖЧИН ВО ВСЕХ АСПЕКТАХ ЖИЗНИ, В ТОМ ЧИСЛЕ НА РАБОТЕ И В ОБЩЕСТВЕННОЙ ЖИЗНИ.

Спасая детей от несчастных случаев

ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА В СТОЛИЦЕ ЗАРЕГИСТРИРОВАНО 56 СЛУЧАЕВ ПАДЕНИЯ ДЕТЕЙ ИЗ ОКОН, СЕМЬ ИЗ КОТОРЫХ ПРИВЕЛИ К СМЕРТИ. ЭТО БОЛЬШЕ, ЧЕМ В АНАЛОГИЧНОМ ПЕРИОДЕ 2024 ГОДА, КОГДА ЗА ВЕСЬ ГОД В АСТАНЕ БЫЛО ЗАФИКСИРОВАНО 38 СЛУЧАЕВ, ИЗ НИХ ДЕСЯТЬ СО СМЕРТЕЛЬНЫМ ИСХОДОМ. КАЖДАЯ ТРАГЕДИЯ НАВСЕГДА ИЗМЕНИЛА ЖИЗНИ СЕМЕЙ.

Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясы тарифі өседі

29 шілдеде энергетика министрінің міндетін атқарушы қол қойған "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес электр энергиясына жаңа шекті тарифтер белгіленді.

Қазақстанда көлік қымбаттап кетті

2025 жылғы маусымда Қазақстанда жеңіл көліктің бағасы былтырмен салыстырғанда 11,6 пайызға өсті. Бұл - ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, бұл елдерде орташа өсім небәрі 2,2 пайыз болады.