12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН РУХАНИ ӨЗЕК

Қазақ халқы – сан ғасырлық тарихы мен терең руханияты бар ұлт. Ұлттың өміршеңдігі мен ұрпақ сабақтастығы – оның рухани құндылықтарында, ғасырлар сүзгісінен өткен салт-дәстүрінде, ұлтты ұлт ететін тарихи жадында жатыр. Қазақтың ұлт болып қалыптасуы, бірегейлігі мен дүниетанымы – ата-бабадан қалған рухани мұралармен тығыз байланысты.

ТАРИХ – ҰЛТТЫҢ ТАҒДЫРЫ

Қазақтың тарихы – еркіндікке ұмтылған ерліктің, отансүйгіштіктің, рухани беріктіктің тарихы. Түрік қағанатынан бастап Алтын Орда мен Қазақ хандығына дейінгі аралықта елдіктің негізі қаланып, мемлекеттілік ұғымы қалыптасты. Əз Жəнібек пен Керей хандар құрған Қазақ хандығы – тəуелсіздікке ұмтылған арманның тарихи жалғасы еді. Тарихтағы қиын кезеңдер – жоңғар шапқыншылығы, отарлық кезең, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, тəуелсіздік үшін күрес – ұлттың рухын сындырмай, керісінше, нығайтты. Бұл халқымыздың ішкі бірлігін, рухани беріктігін көрсетті.

САЛТ-ДƏСТҮР – РУХАНИ МƏЙЕК

Қазақ халқының өмір салты мен дүниетанымы салт-дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар арқылы қалыптасты. Бесікке салу, тұсаукесер, сүндет той, келін түсіру, беташар, ас беру, ерулік – бұлар жай ғана рəсім емес, ұрпақты тəрбиелеудің, адамгершілік пен ізгілікті насихаттаудың көрінісі. Салт-дəстүрлердің астарында ұлттың этикасы мен эстетикасы, дүниетанымы мен құндылықтары жатыр. Мəселен, «үлкенге құрмет, туыстық қарым-қатынас жүйесін бекемдеген моральдық ережелер. Қазақ халқы үшін руханият – тек дінмен шектелмейді. Бұл – тіл, жыр, музыка, аңыз, шежіре, ұлттық философия. Қасиетті домбыраның үні, жыраулардың сөзі, батырлар жыры, шешендік өнер, жыр-дастандар мен аңыз-əпсаналар – бұлар халықтың рухани əлемін байытты. Қазақ халқының бірегейлігі – оның көшпенді мəдениетінде, кең даламен үндес тіршілігінде жатыр. Тарихта небір империялар келіп-кетті, бірақ қазақтың болмысы – ұлт ретінде өзін сақтау мен бейімделудің үздік үлгісін көрсетті. Бүгінде жаһандану дəуірінде өз ұлтыңды сақтау – ерлікке пара-пар. Қазақ тілін, дəстүрін, өнерін, ұлттық киімін, ұлттық тағамын насихаттау – бұл қазіргі буынның міндеті. Рухани жаңғыру мен ұлттық код туралы айтқанда, біз ең алдымен халқымыздың бойындағы даралықты, тереңдікті ұмытпауымыз керек.

Самал АСҚАР, «Заң газеті»

 За счет турецких инвестиций

ОЧЕРЕДНЫМ УСПЕШНЫМ ШАГОМ В НОВОЙ ПРОМЫШЛЕННОЙ ПОЛИТИКЕ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ,...

Военный патруль на водоемах 

С НАЧАЛА ЛЕТА УСИЛЕНА РАБОТА МЧС ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ НЕСЧАСТНЫХ...

Пожар ликвидирован огнеборцами

В ИЮЛЕ ЭТОГО ГОДА ПОСТУПИЛО СООБЩЕНИЕ О ТОМ, ЧТО...

Политика братства и прагматизма 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВИЗИТ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ТУРЦИЮ...