Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері тергеу изоляторына экскурцияға келді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері экскурцияда болды.

Мақсат – қамаудағылардың ұсталыну жағдайын көрсету арқылы әр қызметкердің санасында құқық бұзушылықтың салдары туралы түсінік қалыптастыру болып табылады.

Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсияға қатысушыларға шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушіледің жатақханасын, тергеу бөлмелері мен үш тәртіптік изолятор (қарапайым тілмен айтқанда, карцера) камераларын көрсетті.

Бұл камераларға тергеу изоляторындағы режимді бұзғандар түседі. Мұндағы тәртіп тіпті қатаң. Таңертең ояну пәрмені берілген соң, төсек орын жиналынып алынады.

Жатуға тиым салынады. Мұндағы ұсталыну күнін мекеме бастығы белгілейді. Жай камераларда сән-салтанат жоқ. Тек екі қабатты кереуеттер, алюминий шыныаяқтар мен қасықтар, торлы терезелер,темір есік пен қатаң күзетшілер. Жемқор шенеуліктер де, уақытша осында отырады. Әрі қарай, сот шешімі шыққан соң, олар жазаны тікелей өтеу орындарына жіберіледі — деп, түсіндірді режим және күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры Төребеков Асылбек Қалдыбекұлы. Менің ойымша, бұл пайдалы экскурция. Мұнда бірнеше ондаған адам емес, барлық мемлекеттік қызметкерлер келуі керек. Экскурцияға қатыса отырып, біз өте маңызды ақпарат алдық.

Алған әсерлері мен ойларынан, қамауда отырудың ауырлығынан қорқып, қызметкерлеріміз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне бармайды деп ойлаймын, — дейді, департамент басшысының орынбасары Абенов Талғат Оразбекович.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...