spot_img
spot_img

Яндекс Қазақстан елімізде Іздеу мен компанияның басқа да сервистерін қолдану статистикасын ұсынды

Яндекс Іздеу жүйесінің Қазақстанда танымалдығы артып келеді. Күн сайын оны еліміздің 2 миллионнан артық тұрғыны қолданады. Әр жетінші қолданушы сұранысын қазақ тілінде енгізеді: сұраныстардың жалпы көлемінде оның мөлшері сенімді артып келеді, тәулігіне 15% дейін жетеді.

Яндекс Іздеуге қазақ тілінде жүгінетіндердің жартысынан көбі білім алу тақырыбтарына байланысты. Одан бөлек, енгізілген Іздеу бар Яндекс мобильді қосымшасын күнделікті ашатын Қазақстандық қолданушылар саны бір миллионнан асып кетті.

Қазақстандықтардың Іздеу сұраныстарына жауаптарда жергілікті ерекшелік пен географиялық орналасқан жері де есепке алынады. Яндекс Іздеуде ана тілін қолдана отырып, Қазақстан тұрғындары интернеттен көптеген мәселелерді шеше алады: жылдам жауап алып, релевантты веб-ресурстар, суреттер, бейне тауып, орындар, нысандар және тағы басқалар туралы біле алады.

Алиса бар Яндекс қолданбасына кіріктірілген автоматты нөмір анықтағыш 370 мыңға жуық қазақстандықты жағымсыз және алаяқтар қоңырауларынан қорғайды. Жылдың басынан бастап ол Қазақстанда 27 миллионнан артық қоңырауды өңдеді, олардың 10 миллионға жуығын әлеуетті жағымсыз ретінде белгіледі.

Осы жылы Яндекс Карталар толығымен қазақ тіліне көшірілді. Оған топонимдер мен ұйымдар атаулары, интерфейс пен бағдарларға арналған дауыстық кеңестер аударылды. Күн сайын Карталарды 2,8 миллион Қазақстан тұрғыны ашады, ал сервистің мобильді қолданбасын пайдаланушылар саны соңғы жылда 2,3 рет өсті.

Бұдан бұрын Яндекс Қазақстан Яндекс Браузер мен Алиса бар Яндекс қолданбасында бейнені қазақшаға аударуды қосты — бұл функцияны күн сайын 50 мыңнан артық қазақстандық қолданады. Яндекстің виртуалды көмекшісі қазақша сөйледі. Алиса қазақша сұраныстар қабылдайды, табылған ақпаратты дыбыстайды, ауа-райы туралы айтып береді, нақты жауаптар беріп және қолданушылармен әңгімелеседі.

Яндекс Қазақстан компаниясы туралы

Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

Между буквой закона и духом справедливости

ПРОФЕССИЯ СУДЬИ НЕСЕТ В СЕБЕ НЕ ПРОСТО ВЫСОКУЮ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ,...

Абзал ҚҰСПАН, Парламент Мәжілісінің депутаты: «РАҚЫМШЫЛЫҚТЫ САЯСИ ҚҰРАЛҒА АЙНАЛДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ»

– Қоғамда сот жүйесіне қатысты пікір сан алуан. Сауалнамаларда сотқа деген сенімнің артып келе жатқаны көрcетілсе де, оған күмəнмен қарайтындар көп. Депутат ретінде соттың ашықтығы мен тəуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай заңнамалық өзгерістер қажет деп ойлайсыз?

Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысының прокуроры: «Елге қызмет – ерге міндет»

– Бауыржан Альбертұлы, əңгіменің əлқиссасын прокуратураның Ата Заңдағы орны мен маңызынан бастасақ...

Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облысы Кеген ауданының әкімі: Арманым – ел бақытына бөлену

– Нұрбақыт Молдахметұлы, мемлекеттік қызметте жауапкершілікті -  іскерлікпен, біліммен, тәжірибемен айқындап беретін   аудан әкімі лауазымындағы  алғашқы қадамыңыз қалай, неден басталды?