Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері Ақтөбедегі мектеп оқушыларын академиядан білім алуға шақырды

Шырақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының факультет бастығы полиция майоры Сейлхан Жолдасқалиев, Ақтөбе облысының Қылмыстық- атқару жүйесі Департаменті және Полиция департаментінің Кадр саясаты тобы қызметкерлері бірлесіп, Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Сейлхан Жолдасқалиев іс- шараға Ақтөбе қаласының 14 орта мектептерінен қатысқан 300-ге жуық жоғары сынып оқушыларына ҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары жөнінде айтты. Мәселен, Сейлхан Жолдасқалиевтің айтуынша, академияда оқу кезінде әскери саптық оқу- жаттығудың дағдылары қатар жүретіндіктен, оқу орнын аяқтаған түлек әскерге шақыртылмайды. Сонымен қатар, академияда білім алған жылдар кейін еңбек өтілі болып есептелінеді, ал қызметке тұрғаннан кейін қызметкердің пәтері болмаса ай сайын пәтарақы төленіп, ерте зейнеткерлікке шығу мүмкіндіктері қарастырылады.

Үгіт- насихат жұмыстарынан кейін оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берген Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының факультет бастығы Сейлхан Жолдасқалиев, ҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары туралы оқуға түсуге арналған толық ақпараты бар бүктемелерді таратты.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
фотолар автордыкі

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...