Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Департаменттің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Салтанатты жиында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көтермелеу туралы облыстық департамент басшысының бұйрығы оқылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы, онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері “Ішкі істер министрлігінде мінсіз қызметі үшін” төсбелгісімен және “ҚАЖ қызметіне қосқаны үлесі үшін” медалімен марапатталды. 15 ке жуық қызметкер грамотамен және алғыс хаттармен марапатталды.


