12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШҚО-да тергеу изоляторының қызметкерлері ҚАЖ ардагерін 70 жылдығымен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері, ҚАЖ саласында еңбек еткен ҚАЖ ардагері отставкадағы әділет полковнигі Қайырғазы Қасымбаевқа құрмет көрсетілді. Еңбек жолын түзеу мекемесінде жасақ бастығы лауазымынан бастап, мекеме бастығы лауазымына дейін адал міндет атқарған отставкадағы әділет полковнигі Қайырғазы Қасымбаев қылмыстық атқару жүйесінің жас қызметкерлерімен тәрбие жұмысына көмек көрсеткені, сондай-ақ ардагерлер кеңесінде белсенді жұмысы үшін және мерейтой құрметіне орай тергеу изоляторы бастығының атынан мерейтой иесіне алғыс хат табысталып, сыйлық ұсынылды. Тергеу изоляторы бастығының орынбасары әділет майоры Шарипов Саяхат ардагерді мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және отбасы амандығын тіледі, сондай-ақ баға жетпес тәжірибесі мен кәсібилігі үшін алғысын айтты. Қайырғазы Қасымбаев 1954 жылы дүниеге келген, орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қарулы күштерінің Германиядағы тобына шақырылды.

Демобилизациядан кейін Шымкент қаласындағы арнайы милиция училищесін бітіріп, қызметтік жұмысын 1977 жылы Өскемен қаласындағы түзеу мекемесінен бастады. Жасақ бастығы лауазымынан бастаған жас қызметкер кейіннен ұзақ уақыт қылмыстық атқару жүйесінің әр бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Барлығы 33 жылдан астам уақыт қызмет етіп, 2004 жылы Қайырғазы Қасымбаев отставкаға шықты. Жолдасы Гульсум Қасымбаева екеуі 3 кыз тәрбиелеп, бүгінде 5 немере сүйіп отыр. Тұңғыш қызы әке жолын қуып, полиция қызметінде қызмет атқаруда. Ардагеріміз қазіргі уақытта азаматтық қызметте де белсенді қызметін жалғастыруда және сүйікті отбасымен тұрады, — деді Департаменттің баспасөз хатшысы әділет майоры Салтанат Ожиканова.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...