Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы бойынша қауіпсіздігі барынша төмен №24 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүрген азаматтар да назардан тыс қалмады.
Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан тұлғаларға мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.
Сотталғандардың барлығы мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, мерекелік мәдени шараларға белсене қатысуда. Жаза басып жаңылған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеуге тәрбиелік жұмыстарды үздіксіз жүргізіп тұрады.
Әр мереке сайын мерекелік іс — шаралар, спорттық шаралар, викторина тәрізді мәдени шараларды өткіземіз. Ал бүгінгі іс — шараға Өскемен қаласының әртістерін шақырып, сотталғандарға мерекелік кеш ұйымдастырдық. Жазасын өтеп жатқан азаматтарда іс — шараға ат салысып, өз тараптарынан да ән айтты. Біздің басты мақсатымыз- сотталғандарды қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектесу»,- деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Рустам Сейтказинов.


