ШҚО-да пробация қызметінен 10-ға жуық жазасын өтеуші жасырынған

Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметінің қызметкерлері демалыс күндері күшейтілген қызмет атқарды.

Осылайша, полиция қызметкерлерімен бірге пробация қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 9 айында 10-ға жуық есепке алынған адамдарды іздестірді, олар пробация қызметінің бақылауынан әдейі жасырынған.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жұмыс жүргізді. Сот үкімімен бостандықта түзелу мүмкіндігі берілген есепке алынған адамдар пробация қызметіне тіркелу үшін келуге, тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, сондай-ақ тұратын жерінің шегінен тыс жерге жоспарланатын сапарлар туралы хабардар етуге міндетті. Алайда, сотталған тұлғалар сот үкіміне қарамастан, жазаны өтеу шарттарын жиі бұзады және жазаны өтеуден жалтарады.

«Жақын арада есепте тұрған адамдарға жазасын өтеуден жалтарған азаматтармен жұмыс қарқынды жүргізілуде, – деді Солжағалау ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Каим Ожиканов.

Осылайша, криминалдық полициямен бірге пробация қызметінің қызметкерлері үйлесімді жұмыс жүргізді, нәтижесінде 10-ға жуық есепке алынған адамдар ұсталды.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...