ШҚО-да пробация қызметінен жасырынған тұлғалар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметінің қызметкерлері күшейтілген қызмет атқаруда. Осылайша, полиция қызметкерлерімен бірге пробация қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10 айында 20-ға жуық есепке алынған адамдарды іздестірді, олар пробация қызметінің бақылауынан әдейі жасырынған.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жұмыс жүргізді. Сот үкімімен бостандықта түзелу мүмкіндігі берілген есепке алынған адамдар пробация қызметіне тіркелу үшін келуге, тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, сондай-ақ тұратын жерінің шегінен тыс жерге жоспарланатын сапарлар туралы хабардар етуге міндетті. Алайда, сотталған тұлғалар сот үкіміне қарамастан, жазаны өтеу шарттарын жиі бұзады және жазаны өтеуден жалтарады.

«Жақын арада есепте тұрған адамдарға жазасын өтеуден жалтарған азаматтармен жұмыс қарқынды жүргізілуде, – деді Үлбі ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Арай Оразханова.

Осылайша, криминалдық полициямен бірге пробация қызметінің қызметкерлері үйлесімді жұмыс жүргізді, нәтижесінде 20-ға жуық есепке алынған адамдар ұсталды.

Медиация-как альтернативный способ разрешения спора

         Медиация это новая форма альтернативного урегулирования споров с...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕПІЛІ

Сот жүйесі – мемлекеттегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз...

Әдеп – мемлекеттік қызметшілер бойынан табылуға тиіс басты құндылық

«Әдепсіз өскен адамнан тәртіппен өскен тал жақсы» дейді дана...

Единые правила к применению ИИ

В Казахстане намерены упростить получение медицинских услуг за счет...