ШҚО-да аязға байланысты мектептер мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты Күршім ауданында бірінші ауысымдағы сабақтар 0-сыныптан 4-сыныпқа қашықтан оқыту форматына көшірілді (Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия, Ақбұлақ, Қазақстан, Қалжыр орта мектептері).


