ШҚО да колледждің мамандар даярлаудағы жұмысы тексерілді

2023 жылдың 9 маусымында ҚРІІМ ҚАЖК «№17 мекеме» РММде орналасқан орта кәсіптік білім беру мекемесіне ШҚО ББ «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ директоры Оспангалиев Қ.А., директордың орынбасарлары Кекубаева Ш.К. және Нургалиева А.М. жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында колледждің мамандар даярлаудағы жұмысын тексеріп, материалдық базасын, оқу сыныптарымен, шеберханалардың жұмыс жағдайын қарап, іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің практикадан өту жұмыстарымен танысты .
Сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру бөлімі бастығының м.а әділет капитаны Байрханова А.М. колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен таныстырып, колледж студенттері бүгінігі күні осында орналасқан жұмыспен қамтушыларымен шарттың негізінде өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқанын айтып, практикадағы студенттердің жұмыс барысын көрсетті.
Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Катанов А.М. мекеме мен колледж ұжымының арасындағы бірігіп атқарылып келе жатқан тәрбиелік іс-шараларға тоқталып, өзара ортақ жұмыстар атқарылып келгенін айтып өтті.
Колледждің оқу өндіріс шеберлері берген теориялық білімдерін практикамен ұштастыратынын айтып өтіп әрқайсысы шеберханаларымен таныстырды.
Колледждің ОБ меңгерушісі Бахтияров А.Б. келесі жаңа 2023-2024оқу жылына үгіт-насихат жұмыстарып аяқталып, мемлекеттік тапсырыстың негізінде жаңа оқу жылына 5 жұмысшы мамандықтары бойынша 72оқушы қабылданатынын айтып өтіп, талапкерлерден өтініштер қабылданып жатқанын және бұл жоспар бүгінгі күні 83% орындалғанын айтты.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...