ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне Президенттік жастар кадрлық резерві туралы жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Нурлан Еркебаев кездесу өткізді.

Кездесу барысында Нурлан Еркебаев жас қызметкерлердің Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысу мүмкіндігі бар екенін жеткізіп, оның шарттарын түсіндірді.

«Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында әрбір жас қызметкерге қолжетімді. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген әрбір Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады, деді Еркебаев Нурлан.

Сонымен қатар, іріктеу Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат және инвестициялар;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізілетіні туралы жеткізді.

Сондай — ақ құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау, сарапшылық комиссияда әңгімелесу, ұлттық комиссия отырысы туралы да айтылып, іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынатын және жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланатыны түсіндірілді.

Департамент қызметкерлері өз тарапынан қызығушылық танытып, алдағы уақытта өз мүмкіндіктерін жібермеуге тырысатындарын айтты.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...