Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарпмтв №10 мекемеде, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Шығыс бұл нәзік мәселе» атты мерекелік, конкурстық і-шара өткізілді.
Мерекелік шараға, әділ-қазы алқасы болуға ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма бастығы Бибигүл Мұңайтпасова, «Реванш» қоғамдық қорының өкілдері Елена Билоконь және Кристина Катарага-Ливаза қатысты.
Мекемеде жазаларын өтеп жүрген, жеті жасақтың «Шығыс әйелдері» туралы мюзиклдары көрсетілді. Қойылымдар өте әсерлі болып, көрермендерді таңғалдырды.
Іс-шараның соңында, әділ-қазы алқалары конкурстың жеңімпаздарын жариялап, жүлделі орын алғандарды марапаттады.
Келген қонақтар, өз кезегінде сотталған әйелдерге қойылымдары үшін алғыс білдіріп, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.


