Шығын 1 миллиард теңгеден асады: қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10 пайыз төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

«Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 миллиард теңгеден асады», — делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...