Шетелдік көлігін заңдастыруға үлгермегендер не істеуі керек? ІІМ жауабы

Ведомство мәліметінше, заңдастыру аясында Қазақстанда 304 мыңнан аса автокөлік тіркелсе, оның 21 мыңы автоконструкторлар, 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған.

«Заңдастырылмаған шетелдік көліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сай болса, барлық қажетті алымды төлей отырып, әдеттегі тәртіпте тіркелуі керек. Сонымен қатар, көлік иелеріне белгіленген тәртіппен тіркелмеген көліктерді пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», — деді ІІМ өкілдері.

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру былтырғы қаңтарда басталған. Өтініштер шілдеге дейін қабылданып, 2023 жылдың аяғына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге утильалым және тіркеу сомасын төлеп, көліктерін тіркей алды. Полицейлер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген көліктерді тіркеді.

ІІМ акцияның бір реттік шара екенін, заңдастыру мерзімін ұзарту жоспарда жоқ екенін баса айтты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.