12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМШАРТТАН ХАЛЫҚ БЕЙХАБАР

Алдағы уақытта жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион ашық жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар, қоғамды алаңдатқан сарқылатын көмірсутек кен орындарының тиімді пайдаланылып, жер қойнауын пайдалану саласында пилоттық жобаны ерікті негізде жүргізуге жол ашылатын күн де алыс емес сияқты. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданған еді. Отырыста заң жобасын Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов қорғады. Д.Нұрбайұлының айтуынша, жаңа құжат көмірсутектерді геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды, базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыруды, кен орнын әзірлеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығынын азайтуды көздейді. Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Жобаға қатысты депутаттар сауалы көп болды. Олар негізінен Энергетика министрлігінің өкіліне бағытталды. Жиынға бұл ұйымның атынан вице-министр Асхат Хасенов қатысып, сауалдарға жауап берді. Депутат Бақытжан Базарбек ірі кен орындарындағы шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарға қатысты мәселе көтерді. Ол 1997 жылдан бастап «Теңіз Шевроил», «Қарашығанақ», «Қашаған» секілді ірі мұнай кен орындарының шетелдік инвесторлар қолында екенін айтып, олармен жасалған келісімшарттың халыққа қашан ашық болатынын сұрады. Алайда Хасеновтің уәжі мардымды болмады. Оның айтуынша, өнімді бөлу келісімшарттарына тұрақтылық берілген. Инвесторлар өз мойнына алған экологиялық міндеттемелерді орындап, тиісті салықты төлеп, өңірлерге қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетуде. Мұның бәрі ашық. Осы және тағы басқа инвестициялық міндеттемелерге қатысты мәселелерді айқындап, олардың толыққанды шешімін ұсыну мақсатында Үкімет пен Парламент мүшелерінен жұмыс тобы құрылды. Оған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жетекшілік жасайды. Сол жұмыс тобында тиісті ақпараттар жарияланады. Жалпы келісімшарттар халықаралық талапқа сәйкес екі жақтың мәмілесімен ғана ашылады. «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың айтуынша, бұл құжаттың ауқымында қамтылмай қалған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын дайындаған. Олар үш негізгі мәселені қамтиды. Атап айтар болсақ, өнімді бөлу туралы келісімдердің (ӨБК) шарттарын жариялау. Өйткені, соңғы уақытта БАҚ-та ӨБК-ның тонаушылық шарттары туралы жарияланған ақпаратқа орай, Қазақстан Қашаған сияқты ірі кен орнынан өндірілетін мұнайдан мардымсыз үлес алады. «Ақ жол» демпартиясы бір жылдан астам уақыт бойы Үкіметтен бұл ақпаратты не растауды, не жоққа шығаруды, ал, расталған жағдайда аталмыш шарттарды қайта қарауды сұрауда. Сондай-ақ, алдағы уақытта жер қойнауын пайдалану келісімшартында қоғам үшін жабық баптар мен нормаларды қолдануға тыйым салуыну керек. Екіншіден, Конституцияның аталмыш нормасына сай, стратегиялық шикізаттық кен орындардағы Қазақстан үлесінің 51% аз болмауы заңмен бекітілуі керек. Сонымен қатар, шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларға халқымызға тиесілі табиғи байлықты өндіріп, сатуды ғана емес, қазақстандық экономиканың дамуына сүбелі үлес қосуды, соның ішінде, техника мен жабдықтардан бастап, отандық өндірушілер өнімдерін сатып алуды, оларға жер қойнауын пайдаланушылардың өздері қолданатын ауыстырылатын қосалқы бөлшектер мен детальдерді шығаруға қажетті құжаттарды беруге септесуі тиіс. Алайда Үкімет тек бір ұсынысты қолдап, өзгелеріне қатысты теріс қорытынды беріпті. Бұл орайда «ӨБК кодекстен алып тасталған, сондықтан мәселені енді қозғаудың қажеті жоқ» деген уәж айтылыпты. Үкіметтің екінші уәжі – халықаралық құқыққа сай ӨБК шарттарын жариялауға болмайды. Шенеуніктердің логикасына сай, жер қойнауының иесі (Қазақстан халқы) шетелдіктердің өз меншіктерін қалай пайдаланып жатқанын білмеуі керек. Бұл үйіңізге әлдебіреудің келіп, жылдар бойы мал-мүлкіңізді сатып, ойына келгенін істеп, іргетасын талқандап кетуімен пара-пар. Бұл біреулерге ұнайтын шығар, бірақ «Ақ жол» фракциясы мұндай жағдаймен еш келіспейді. «Біз осы жер қойнауларының иесі ретіндегі халқымызға қатысты әділетсіз шарттар болған жағдайда, ол ӨБК-лардың өзін заңсыз деп санаймыз. Ал, ол үшін қоғам ӨБК шарттарын өздері білуі керек. Сондықтан, біз оларды жариялауды талап етеміз» деп мәлімдеді осы орайда «Ақ жол» фракциясының серкесі. Оның айтуынша, егер шенеуніктер бұл халықаралық шарттарды бұзды десе, онда біз шенеуніктерді Ата Заңымызды бұзды деуіміз керек. Перуашевтың сөзі көптің көкейіндегі мәселе. Алайда, бұған орай шенеуніктер тарапынан еш уәж айтылмады. Осылайша құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Десе де, Перуашев көтерген мәселенің аталмыш жұмыс тобында кеңінен талқыланып, ел мүддесіне сай шешім қабылданар күн туар деген ойдамыз.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...