12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАТЫН ЖОЛ — БІЛІМ

“Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады”

Арқауы ерен елік дастанның

Қайраты елге әйгілі жастардың

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта

Жұлдызы жарқырайды аспанның.

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз.

Бүгінгі әлемдер елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы әлемдік деңгейге бет бұруы ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білім мен тәрбие ғана. Егеменді еліміздің ертеңі білімді ұрпақ қолында. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанынын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінің ұстау мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

 “Білімді болу деген сөз — белгісіз нәрсені ашу, қабілетіне ие болу деген сөз”, — деп әбу Насыр әл-Фараби айтқандай білім беру қызметкерлердің негізгі мақсаты дайын білімді меңгертіп қана қоймай, өмірге бейім өз айналасында белгісіз қалған әр жағдайдан жаңалық ашуға жаны құмар жан- жақты жаңашыл тұлғаларды қалыптастыру.

Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені өмір ағымы тоқтамақ емес, ендеше Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тындыруға міндетті екенімізді естен шығармайық. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында білім мен ғылымды жанына серік еткен қазақ жастары текті ұлттың ұрпақтары келер күн мен атқан таң бірден- бір куәгері болмақ. Өз ісін кәсіби тұрғыда жүргізе алатын көзі ашық мамандар көп болса, еліміз өркениетке қадам басады.

Білім мен көркем мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялтқан адам елдің көсегесін көгертеді.

Қазақ халқының ұлы перзенті М. Шоқай “Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан далы азамат шықпайды”, — деген ұлт болашағын ұлттың мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен еді, ал Пайғамбарымызда | оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын | бір кісі : Уа, Алланың елшісі “ең жақсы адам кім?”,- деп сұрапты, сонда ол: “Ең жақсы адам- қоғамға, елге пайдасы тиген пенде”,- деп жауап беріпті. Яғни, әрбір азамат өзінің саласы бойынша елдің өркендеуіне үлес қосса болашағымыз баянды болмақ.

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету білімді жастардың қолында.

Баянды бақ таймасын,

Халқым басыңнан

Мол үміт күтем, жас ұрпақ,

сендей асылдан

— демекші еліміздің үмітін ақтап, сенімінен шыға білейік.

Маликова Ш.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің

 қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасы қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к.

Избасова А.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің

 қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасы, PhD докторы

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп,...