12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Халық құқығын қорғау деңгейі артып келеді

Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап адам құқығының жеткілікті деңгейде қорғалуына мән беруде. Осы бағытта заңдарды жетілдіріп, сот жүйесіне түрлі реформаларды енгізді. Құқық үстемдігін күшейтуге, сот төрелігінің сапасын арттыруға және сотқа деген сенімді арттыруға бағытталған өзгерістердің барлығының артында адам құқығын қорғау жатыр.
Соңғы 4 жыл ішінде елімізде адам құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған 37 заң әзірленіпті. Оның 30-ы бүгінгі күні қолданыста. Яғни, халқымыз игілігін көруде.Осы заңдардың арқасында көптеген оң өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, тараптардың татуласуы көбейді, судьялар
шеберліктерін шыңдай түсті, соттар келушілер үшін ашық бола бастады, салада ашықтық пен жариялылық күшейе түсті. Соттардың тәуелсіздігі артып, оларды қаржыландырудың жаңа қағидаты енгізілді, сот төрағаларының билік ету өкілеттіктері азайды.

Санамалап айта берсек салаға серпін берген, қоғамдағы адам құқығының қорғалу деңгейін арттыра түскен өзгерістер жетерлік. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күшейтіле бермек. Жоғарғы Сот азаматтардың құқықтары мен бостандығын, заңды мүддесін күшейту мақсатында 30-дан астам заң жобасының қабылдануына мұрындық болды. Алдағы уақытта осы мақсаттарды көздеген тағы бірнеше заң жобасы қаралу үстінде. Халықтың құқығын қорғау мәселесі сөз болғанда олардың құқықтық сауатын арттыру мәселесін де ұмытпауымыз керек. Әсіресе, азаматтық істер, мұрагерлік мәселесі, отбасылық даулар, алиментті өндіріп алу мәселесі, еңбек даулары, әкімшілік істер бойынша халық заң кеңесіне мұқтаж екенін көп аңғарамыз. Сондықтан осы бағытта көбірек ақпараттандыру қажеттілігі сезіледі. Кейде халықтың заң бұзып тұрып өзінің ісінің құқықтық салмағын сезіне алмауы соның айғағы. Мектепте «Құқық негіздері» сабағы жүргізіледі. Осы пәнді тереңірек оқытатын әдіс-тәсілдерді қолға алса, жастар құқық тұрғысында сауатты болар еді. Сонымен қоса, құқықтық сауаттылықты арттыратын қосымша курстарды мектеп бағдарламасына енгізген дұрыс. Халықтың құқықтық сұрақтарына оңай жауап алатын жедел желілер іске қосылуы керек. Қайткен күнде халықты қоғамдағы заңбұзушылықтарға көз жұмып қарамай, өзінің де, өзгенің құқығын да қорғай алатын деңгейге жеткізуіміз қажет. Сонда ғана құқықтық мемлекетке айнала аламыз. Өйткені, халықтың құқықтық сауатын арттыру қажеттілігі уақыт өткен сайық айқын сезілуде.
Құқықтық сана әрбір азаматты құқықты құрметтеуге, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға, қылмыс зардабын түсініп, оны жасамауға және екінші тұлғаның қылмыстық әрекетке бармауына ықпал етуге көмектеседі. Халқы заңын құрметтеп, бір бірінің құқығын сыйлаған елде қылмыс көлемі азайып, түрмедегілердің де қатары кеми бермек.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...