Футболдан турнир өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай, Департамент Түрксіб ауданы әкімдігімен бірлесіп ауданның мемлекеттік қызметшілерінің арасында шағын футболдан турнир өткізді. Турнирге аудан әкімдігі, прокуратура, полиция, халыққа қызмет көрсету орталығы, төтенше жағдайлар қызметі және т.б. мемлекеттік органдар мен мекемелердің командалары қатысты. Іс-шара барысында сөз алған Департаменттің басқарма басшысы С.Умбеталиев шараның маңыздылығын атап өтіп, командаларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар марапатталып, жеңіске жетуде көрсеткен жігерліктері мен табандылықтары ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, «үздік қорғаушы», «үздік қақпашы» «үздік шабуылдаушы» сынды номинациялар бойынша ойыншыларға құрмет көрсетілді. Осындай тектес іс-шаралар қаланың өзге де аудандарында өз жалғасын табатын болады.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...