Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «JASTAR дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл жастары үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалады. Жамбыл облысының тұрақты тұрғыны болып табылатын 18-35 жас аралығындағы жастарға бастамаларын жүзеге асыру үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлеміндегі гранттар конкурстық негізде берілетін болады. Конкурстық нәтиже бойынша жоғары ұпай жинаған 15 (он бес) жас жеңімпаз ретінде анықталады. 📌Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1. «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2. «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3. «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
4. «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5. «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
6. “Жастар ұйымдарын қолдау” — жастар бастамаларын қолдауға арналған.
7. ”Ауыл жастарының бастамаларын қолдау” — ауыл жастарын қолдауға арналған.
Грант қорытындысы бойынша «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» және “Жастар ұйымдарын қолдау” бағыттары бойынша 2 жеңімпаздан, ал ”Ауыл жастарының бастамаларын қолдау” бағыты бойынша 3 жеңімпаздан анықталады. Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 25 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй.
Байланыс номері: +7 707 723 7848, (электрондық нұсқасы) tauelsizdik_urpaktary_2023@mail.ru поштасына қабылданады. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады
@jambyl_jastar_basqarmasy @jastar_damytu_ortalygy @madimaten @zhomart_zulpikhar @zhambyl.gov.kz
Муратбаев Қаныбек
“Jastar дамыту орталығы” ЖҚБ төрағасы


