12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТІРЕГІМ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті. Еліміздің Көкбайрағы кіргізілгеннен кейін, республика тәуелсіздігінің 32 жылдығын атап өту рәсімі басталды. Салтанатты жиынды ашу барысында департамент басшысы, әділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібеков жиналғандарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еліміздің саяси-экономикалық, тарихи, мәдени, ұлттық құндылықтарын осы атаулы мерекемен тығыз байланыстырды. Жаңа Қазақстанның бүгінгі іс-қимылдарына департамент ұжымның қосып отырған үлесі оң бағаланды. Департамент басшысы қызмет иелеріне қырағылық пен сенімділіктің жарқын жолдарында болуды тапсырды.

-Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, тәуелсіздік сонау 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігерімен басталып, ол бүгін азап пен төзімнің, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының мұқалмас мәйегіне айналып отыр,- деді Теңізжан Нұрмаханұлы. Ал, салтанатты жиында арнайы баяндама жасаған департаменттің штаб-бөлімшесінің бас маманы Айбек Тәңірбергенов: Бұл күн ата-бабаларымыздың аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн,- деп атап өтті. Жиын барысында департаменттің Тәрбие және кадр бөлімшесінің аға инспекторы Ж.Үсенбекова «Тағайындау туралы», «Марапаттау туралы» Департамент басшысының бұйрықтарымен таныстырды.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....