12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тәуелсіздік мерекесі сотталған азаматтар арасында аталып өтілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде  сотталғандар арасында мерекелік және жаппай мәдени іс-шаралар өткізілді. Мерекенің алғашқы күнінде тергеу мекемесінде мерекеге орай сотталғандардың салтанатты жиындары өткізілді. 16- желтоқсан “Тәуелсіздік күні” елімізде болған оқиғаны қысқаша баяндап, ұрпаққа тарту еткен кең байтақ еліміз жайында сотталған азаматтарға баяндама жасалды. Мерекелік іс-шараны мекеменің тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Ерлан Романкулов сотталған азаматтар арасында спорттық шарадан бастады. Ең алдымен, шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтар арасында ҚР мемлекеттік ән ұраны шырқалды. Кейін, шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, гір тасын көтеру, турникке тартылу, сондай-ақ, қол күрес арқылы бір-бірімен бақ сынасты. Сотталған азаматтар өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, бүгінгі мерекемен құттықтады. Шара соңында сотталған азаматтар көңіл көтеру мақсатында домбыра және гитарамен патриоттық әндерді шырқап, көңіл көтерді. Жазасын өтеп жатқан азаматтарға бүгінгі мерекеге орай төс белгілер мен алғыс хаттар тарту етілді.

Бүгінгі келіп жеткен, ата-бабамыз аңсаған тұғырлы тәуелсіздік мерекемесі мен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Айтулы мерекеде мекемеде жазасын өтеп жатқан, яғни, шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында ұлтымыздың ұлылығын дәріптеп, тарихымыз жайында баяндама жасалды. Белсенді бола білген сотталғандар арасында спорттық сайыс өткізіп, марапаттар тарту етілді. Егеменді еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, деп барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады тәрбие бөлімінің басшысы Е.Романкулов.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....

NARXOZ университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық...