Тұғыры биік — Конституция

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ел Конституциясы – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы, ұлт бірлігінің ұйтқысы. Бұл күн – жалпыұлттық мереке. Кемел келешектің кепілі болған Ата Заң халқымыздың қорғаны, бейбіт өмірдің береке бастауы.
Конституция қолданысқа енген 28 жыл ішінде мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар ел экономикасының еселеп артуына сара жол ашып, өндіріс орындарының заман ағымына сай өсіп-өркендеуіне тың серпін берді. Шын мәнінде, халқымыздың бүгінде қол жеткізген жетістігі – Ата Заң аясында атқарылған ауқымды істердің жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады», – деген еді. Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың конституциялық нормалары – бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі!
Біздің Ата Заңымыз – өткен ғасырлар даналығымен сабақтас, қазіргі заман ерекшелігіне сай, адамзат құндылықтарын сақтаған басты төлқұжат. Сондықтан да ел Конституциясы елдік пен берекенің бастауы, тыныштық пен ынтымақтың негізі болып табылады. Рухымыз асқақ, келешекке деген сеніміміз айқын, жігеріміз қайратты, әрбір бастама ел игілігі үшін жемісті болсын!
Конституциямыз –Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғырына айналсын!
 
Ақтөбе облысының
 мамандандырылған ауданаралық
 әкімшілік сотының аға сот приставы                           А.А.Қошаев

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....