Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Қызылорда станциясы Желілік Полиция бөліміне қарасты Төретам станциясы Желілік Полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында поездардың мал басып кету және жедел тежеу фактілерін алдын алу, сондай-ақ балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту, теміржол көлігінде жарақат алу деректерінің алдын алу бойынша және алкаголь ішімдігін, басқада заттарды заңсыз сату жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Түсіндірме жұмыстарына Төретам станциясы теміржол вокзал бастығы, А.Бегежанова, Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары К.Саден, Төретам кенті әкімшілік қызметкері және жеке кәсіпкерлер дүңгіршектерінің иелері қатысты.
Қызмет ету аймағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар алдын алу мақсатында Төретам станциясы теміржол вокзал перронында және теміржол вокзал ғимаратында орналасқан дүңгіршек иелері жеке кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу және ұрлықтың алдын алу мақсатында сауда дүңгіршектердің айналасына бейне-бақылау камераларын орнату керек екендігі туралы айтылды. Сонымен қатар яғни темір жол вокзалы перронында орналасқан жеке кәсіпкерлер дүңгіршек иелеріне алкогольді өнімін сату лицензия болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығы және алкогольдік өнімдерімен қатар, заңға қайшы заттарды сатуға болмайтындығы туралы айтып және сауда дүңгіршектер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Төретам станциясы Желілік полиция бөлімшесі


