12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан қалалық пробациясында тұрған сотталған психикалық ауруханаға жолданды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсете ғана қоймай, сондай-ақ психологиялық көмек те көрсетіледі.
Сотталғандардың өмірлік қиын жағдайға дұшар болған тұлғаға немесе отбасылық жағдайына байланысты психологиялық диагностика, түзеу мекемесінен кейін қоғамға бейімделу мен оңалту мақсатында көмек беріледі.
Сотталғандарды есепке қою кезінде психологиялық тұрғыдан соттталғанның мінез құлқын, ішкі жан-дүниесін, отбасылық жағдайын, араласу ортасын зерделеп, жеке бағдарламасы, психологиялық мінездемесі құрастырылады. Есепте тұрған соталғандар өте байыпты қарайды және әңгімеге белсенді қатысып, кейбіреулері толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісіп отырады. Сотталғандардың ішінде күйзеліске түсетіндер жие кездеседі. Әрине, мұндай жағдайда сотталған азаматтарға психолог маманның көмегі ауадай қажет, себебі үнемі күйзелісте жүрген сотталған азаматтар сұрақтарына тиісті жауап таба алмаған кезде қайта қылмысқа баруы мүмкін немесе өз өзіне қол жұмсауы да ықтимал.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі жүргізіліп келеді. осындай істің бірі Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, Кентау қалалық психикалық ауруханасына жатқызылды. Психикалық дертке шалдыққан азамат 2022 жылы ұрлық жасағаны үшін пробация бақылауына алынған болатын. бұл азамттың денсаулығындағы кінәратқа байланысты Түркістан қалалаық пробация қызметінің мамандары жыл сайын ем алуы үшін психикалық ауруханаға жатқызып тұрады.
Пробация есебінде тұрған бұл азаматтың отбасы мүшелерінің сұрауы және рұқсатымен психикикалық ауруханаға жатқызылды. Ол ауруханада өзіне тиісті ем шараларын алады. Сотталғанның қайта қылмыс жасау әрекетінің алдын алу мақсатында жүйелі түрде шаралар ұйымдастырылуда, — деді деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.
Қалалық пробация қызметінің инспекторлары есепте тұрған әрбір азаматтың әлеуметтік және тұрмыстық жағдаймен танысып, оларға қандай да бір көмек қажет болса заңды тұрғында іске асыруда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...