12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының полицейлері шомылу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің полицейлері суға түсу маусымында болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, Шардара су қоймасында профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шара барысында полицейлер демалушыларға шомылу кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын ескертті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындардың назарын кәмелетке толмағандармен болатын суға түсудегі оқыс оқиғалардың алдын алуға аударды. Полиция қызметкерлері ересектер мен ата-аналарды мұқият болуға, балаларын бақылауға және шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Балаларды су объектілерінің жанында қараусыз қалдырмауды, ттек арнайы бөлінген жерлерде шомылуды, ұсынылған тереңдіктен асып кетпеуге кеңес берді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары Шардара ауданының жолдарында тұрғындар мен жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тақырыптық бағыттағы ақпараттық жаднамалар таратты.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Асылхан Төреханов: «Жазғы маусымда шомылғысы келетіндер саны артады. Осыған байланысты тұрғындардың барлығын судағы мінез-құлық ережелерін сақтауға шақырамыз. Балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар. Сондай-ақ жол ережелерін бұзбаңыздар, әсіресе мас күйінде көлік жүргізбеңіздер»-деп атап өтті.

Полицейлер судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, осындай рейдтік іс-шаралар облыстың барлық аудандарында жүргізілетінін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Shymbulak тауларда қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік ережелерін еске салды

Қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде Shymbulak тау курорты фрирайдерлерді,...

Shymbulak напомнил о правилах безопасности в горах в лавиноопасный период

В период повышенной лавинной опасности горный курорт Shymbulak призывает...

Баланы асырап алу тәртібі

«Бала - туғандікі емес, баққандыкі» деп босқа айтылмаған болар....

Баланың тұрғылықты жерін айқындау мәселелері

         Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау – ата-аналар...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, өсуіне...