Түркістан облысында полицейлер парасаттылыққа тексерілуде

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапардың төрағалығымен маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. Онда ішкі істер органдарының жұмыс ерекшеліктерін ескеріп, парасаттылыққа, одан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тексеру жобасы айтылып, талқыланды.                           
Жалпы парасаттылыққа тексеру – мемлекеттің, ішкі істер органдары имиджінің жоғарылауы мен халықтың билікке деген сенімін арттыруға септігін тигізбек.       Осы ретте жиынға қатысқан жеке құрамға Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша парасаттылыққа тексерудің жеке құрамға арналған жадынамасы таратылды.              
Полиция полковнигі Б.Сапар: «Құрметті әріптестер! Сіздердің әрқайсыңыз  халықпен тығыз байланыста болғандықтан, парасаттылық үлгісін қалыптастыру керексіздер. Ал бұл қызметтеріңіз әрдайым бақылауда. Яғни патрульдік, ювеналдық, көші-қон саласы, учаскелік полиция пунктері, кезекші бөлімдер және т.б. барлығы тексерілетін болады. Ол жерде қызметкерлердің сыпайылығына, азаматтармен қарым-қатынасына, ең бастысы азаматтардың өтініштеріне жедел түрде іс-әрекет етулеріне басымдық беріледі.
Сонымен қатар, қызметкерлердің сыртқы келбетіне, материалдық-техникалық жабдықталуы, қызметтік планшеттерді, бейне тіркегіштерді және қызметтік автокөліктерді мақсатты пайдаланулары да тексерілетін болады. Сондықтан талапқа сай қызмет етіңіздер!»-деп жиынды қорытындылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Ертегі терапиясы» атты психологиялық іс-шара өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінде сотталғандарға арналған...

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...