Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің бақылауында тұрған 18-29 жас аралығында сотталған жастармен психологиялық жұмыс жүргізілді. Осыған байланысты жасөспірімдер арасында сотқа дейінгі Пробацияда жүрген азаматтар бар. Түіркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов, Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы А.Нарымбетовамен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға психологиялық тренинг өтті. Аталған шара барысында сотталған азаматтар арасында сауалнама жұмыстары да жүргізіді. Бұл іс-шаранын мақсаты, тұлғаның мінез-құлық типтерінің ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерін анықтау. Сондай-ақ, жастардың психология, психика, темперамент және мінез-құлқымен таныстырды. Сонымен қатар топтағы қарым-қатынас, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру сондай-ақ жастардың өзіндік мінез-құлқын жақсарту болып табылады. Ал, жасөспірімдер өмірдің сынақтарынан мойымай болашаққа жоспар құрып айқын мақсатқа жетудің әдіс тәсілдерін үйретті және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кеңестер берді.
Пробация қызметінде сотталғандарды әлеуметтік жолмен түзету басты назарға алынған. Ал, пробация қызметтінің міндетіне қоғаммен оқшаулаумен байланысты емес жазалардың орындалуын қадағалаудан басқа, тәрбиелік, психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрлері де кіреді. Пробацияның мақсаты – жазатайым жазаға тартылғандарды бірден кінәлап, қараламай, керсінше оларға түзелуге мүмкіндік беріп, қоғамға қажет екендіктерін сезіндіру. Сондай-ақ, жаңа қылмыстың алдын-алуболып табылады. Кәмлетке толмаған сотталған жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста оң ықпал ету бағытында үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады. Біздің мақсатымыз – осы кем-кетіктің орнын толтырып, шалыс басқан жасөспірімдерге қоғамнан өз орнын табуына қол ұшын беру, — деді аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
Пробация есебінде тұрған азаматтардың басым бөлігі психолог маманның кеңесінен қажетті мағлұмат алып, өзінің жасаған қылмысына өкінетін де жасырмады. Бекзат есімді сотталған азамат осы күнге дейін өзінің анасына дөрекілік танытып келгенін жасырмады. Ол өзінің жасаған қателігі үшін ең алдымен анасынан кешірім сұрайтынын тілге тиек етті.
Мен өзімнің жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін. Осы күнге дейін анама дөрекі сөйлеп келдім. Өзімнің жіберген қалеіктерім үшін анамнан кешірім сұраймын. Анамды ренжітіп, жылаған әрбір көз жасы менің өмірде жолымның болмауына алып келіп соғуда. Қазақ халқы «баланың бақыты, ананың табанының астында» деп бекер айтпаса керек. Ананың разылығын алған адамның өмірде жолы болатынын түсіндім. Психолог маманның кеңесінен үлкен ой түйдім. Менің түзелу жолыма үлкен үлесін қосқан Түркістан қалалық пробация бастығы мен қызметкерлеріне алғыс айтамын, — деді сотталған Бекзат.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға, бос уақытын тиімді пайдалану мен өмірге қызығушылықтарын арттыруға, өзін-өзі дамытуға арналған психологиялық тренингтен көптеген қажетті дүниелерді естіді. Нәтижесінде азаматтар өз ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Мұндай психологиялық семинар-тренингтер жалғасын табады деген сенімдеміз.


