12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түзеу мекемесінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде қазіргі таңда жазасын өтеушілер арасында 88,4 пайызы жұмыспен қамтылған.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен жеке кәсіпкерлермен жиын өткізілді. Бұл шараға, Қызылорда облысы прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут Ахтанұлы, Жергілікті басқару бөліміне қарасты еңбек қорғау бөлімінің маманы Досымов Болат Бегайдарұлы мен мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Битаев Абай қатысты.

Кездесудегі мақсат – сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы  қауіпсіздік  ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тұрғысында болды.

Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров кәсіпкерлерге күнделікті әрбір сотталғандарға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулықпен таныстырып отыру қажет екендігін айтып, сонымен қоса олардың еңбекақыларын толық және уақытылы аударылуын камтамасыз етілуі керек деді. Жиын соңында мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Битаев  жедел ахуалдың тұрақтылығы жөнінде, еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.

Жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталғандар есік, үй жиһаздарын, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, машина жөндеумен, газоблок, пескаблок, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...