Тілім менің — тірегім

                                                                                      Ана тілін ұмытқан адам

өз халқының өткенінен де,

болашағынан да қол үзеді.

                                                                                                               Ғ.Мүсірепов.

           Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің биік туы. Ал тілдің тірегі – біз өзіміз. Тілдің тағдыры – әрбіріміздің қолымызда.

           Иә, қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Туған тіліміздің иесі – кешегі қазақ, дана бабаларымыз. Тіл – кешегі ұлы тұлғалардың бізге қалдырған аманаты, бүгінгі біздің абыройымыз, ертеңгі күннің кепілі. Тілдің тағдыры мен болашағы – еліміздің әрбір азаматының қолында деп ойлаймын. Сол себепті әрқайсымыз тілімізге ерекше сый-құрмет көрсетіп, оны дамытуға барынша үлес қосуымыз керек.

           Елімізде қазақ тіліне көрсетілетін сый-құрмет ерекше қалыптасып келеді. Президент Қ.Тоқаев халыққа жасаған Жолдауларында ­басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуды басты назарда ұстап келді.     

         Тіл дегеніміз әр ұлтқа берілетін жаратқанның сыйы. Әр ұлттың қазынасы ол байлығы емес, тілі, тарихы. Тіл – әдебиетіміз, намысыз, достықтың алтын көпірі, мәдениетіміз, халқымыздың күре тамыры. Қазақстан Республикасының Конститусиясының  7-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп көрсетілген.

          Тілге деген құрмет ол елге деген құрмет болып табылады. Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген. Тіл — біздің басты байлығымыз екенін алға тарта отырып, тіліміздің мәртебесін әрдайым көтеруіміз керек. Кез-келген мемлекеттің дамуы мен қалыптасуында тілдің алатын орны ерекше.

           Қорыта айтқанда, қазақ тілінің – мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне әрбір азамат өзінің сүбелі үлесін қосса, тарих алдында атқарған қаситетті парызы болар еді.

Түркістан облысы

Әділет департаментінің

Атқарушылық өндірісті

қамтамасыз ету бөлімінің

басшысы  Ж.Токсабаев

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...