Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті кадр саясаты бөлімінің бастамасымен бас қаламыздың көрнекі орындарының біріне айналған Триатлон паркінде мекеме қызметкерлері және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен тренинг ұйымдастырылды.
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Даулет Борамбекұлы Рақымбековтың сөзімен айтатын болсақ: «Жанұя – бұл тек қоғамның ғана ұяшығы емес, сонымен қатар патриотизм сезімі, жақын жандарға деген сыйластық пен махаббат, өзіңнің жасаған әрекеттеріңе деген жауапкершілік пен шынайылық сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруде негізгі орын алатын институт болып табылады. Балаларымыздың өмірін жағымды естеліктер мен оң әсер беретін эмоцияларға толтыру маңызды екенін ұмытпауымыз қажет».
Ұжыммен және отбасымен өткізілген белсенді демалыстың, балаларға ғана емес, сонымен қатар ересектерге де пайдалы әсері көп болды, себебі қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне жиналған жағымсыз ойлардан арылуға, көңілділік пен бақыттылық сезімдерімен қуаттануға көмектесті.


