12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тренингке қатысып, жазасын өтеушілер жағымсыз ойлардан арылды

Қылмыстық-атқару жүйесінің Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД –ға қарасты № 37 мемелекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан жандар үшін мекеменің психолог маманы Аманова Ақгүл Қанатқызы іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға Жастар ресурстық орталығынан психолог маман Гүлжайна Ғабитқызы арнайы шақыртылып, тренинг жүргізді. Тренинг жазасын өтеушілері арасында топтасқан түрде өтті.

Алдымен « Агрессия» тақырыбында өткен тренингте 8 қатысушы бірқатарға тұрғызылып, қолдарына газеттер берілді. Газеттерді сабырмен мыжғылап, шытырлаған дыбысын ести отырып, умаждап, күшпен лақтыру арқылы олар бойларындағы ашу-ызаны басып, кек пен жағымсыз ойлардан арылды.

Ал, екінші өтілінген тренингте жазасын өтеушілер Мак картаны таңдай отырып, айта алмайтын, сөзбен жеткізе алмағандарын бейсаналы түрде ашып берді. Келесі арт терапия бойынша әртүрлі суреттер салды.

Бұл бойынша олар сурет сала отырып, іштегі уайымды жеңіп,ойды позитивке бұру сезімдерін бастан кешті. Өткізілген іс-шара сотталғандарға ұнады. Шара соңында кері байланыс орнатылып, алған әсерлерімен бөлісті. Маған бүгінгі тренинг қатты ұнады. Бойым сергіп, санамдағы күдікті ойлардан арылдым. Бостандыққа шығуға деген талпынысым артып, келер күндерге деген жоспарлар туындады.

Мұнда түскелі өзімді кінәлі санап, жеккөріп кетіп едім. Бүгінгі психолог мамандардың өткізген тренингінен соң бойыма сенімділік оянды. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – деді Н. есімді жас жігіт.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...