Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің жаңа басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Ұлттық Банкінің жаңа басшысы Тимур Сүлейменов болды. Сенат депутаттары 4 қыркүйекте Палата отырысында жаңа төрағаны тағайындауға келісім берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын Мемлекет Басшысының ұсынысы негізінде Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов сенаторларға ұсынды.

«Тимур Мұратұлы төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, әлеуметтік-экономикалық даму блогын басқарды, осы саладағы реформаларды іске асыруға белсенді қатысты. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған. Оның жеке қасиеттері мен біліктілігі Ұлттық банктің қызметін жетілдіре алады. Сүлейменов Тимур Мұратұлының Ұлттық банк басшысы лауазымына кандидатурасын қолдауды сұраймыз», — деді Бектенов.

Ашық дауыс беруде депутаттар Сүлейменовтің кандидатурасын қолдады.

«Тимур Сүлейменов — білікті маман. Оның кандидатурасы Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланды», — деп атап өтті комитет төрағасы Сұлтанбек Мақежанов.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...