ТЖМ автобуспен бірге шахтаға құлаған екі адам аман қалуы мүмкін деп отыр

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы екі адамның туыстары олар әлі де тірі болуы мүмкін деген сенімде. Ал төтенше жағдайлар вице-министрі құтқару жұмыстарының аса ауыр жағдайда жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Десе де екі аптадан бері табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді Бауыржан Сыздықов. Ол дәл осындай ғажап оқиға шет мемлекеттердің бірінде болғанын айтады.

«Ондай да жақсы болжам бар, бірақ нақты уақытын дөп басып айта алмаймыз. Өйткені жағдай өте күрделі. Автобустың қай жерде жатқаны анықталғанымен, оған жету оңай болмай жатыр. Арнайы құрылғы автобусты көрсеткенімен, оның астында бос кеңістік болуы мүмкін. Құтқарушылардың өміріне де қауіпті», — деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов. 

Еске салайық, бұған дейін 13 тәуліктен бері автобуспен бірге жер астында жатқан құтқарушы Айдос Шаймерденді үйінде бес баласы күтіп отырғанын жазған едік.

«Майқайың Алтын» кәсіпорнында жедел алдын алу жасағы командирінің орынбасары болып қызмет атқарған Айдос Әлібайұлы 1987 жылы 17қыркүйекте дүниеге келген. Әйелі Нұрсұлу Жанатқызы 1990 жылғы. Майқайың кентіндегі №2 мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Айдос пен Нұрсұлудың кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Автобустағы екінші адам — төрт күн бұрын 55 жасқа толған Айып Тілеубергенов. Ол жедел құтқару көлігінің тізгіншісі. Екі ұл бір қыздың әкесі. Ал, бұған дейін денесі табылған құтқарушының бірі 1999 жылғы Сарқыт Бердіқан. Оның артында 2022 және 2023 жылдары өмірге келген екі ұлы жетім қалды. Ал, 53 жастағы Олег Тышкевичтің бір ұл бір қызы қалды.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.