Тергеу мекемесінің ұжымы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері кадр тобының ұйымдастыруы мен қайырымдылық акциясын жасады.

16-желтоқсан мен 3-қаңтар арасында ұйымдастырылып жатқан “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы қарсаңында көп балалы асыраушысынан айырылған ана мен тергеу мекемесінде отставкаға шыққан 30-жылдық тәжірибесі бар ардагер Болат Бейсенбиннің үйіне барып жаңа жылдық көңіл сыйлап, екі отбасына азық-түлік корзинасы сыйға тартылды.

Ең алдымен,  асыраушысынан айырылған көп балалы ананың үйінде барып бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтай отыра тәттілер салынған қорапша мен үйге қажетті азық-түлік пен яғни, ұн, күріш, балаларға тәттілер, май т.б заттар берілді.

№68 тергеу мекемесінің ұжымына алғысымды білдіремін. Себебі,  балаларымның ғана азын аулақ ақшасына күн көріп келеміз. Жұмыс жасап қаражат табайын десем балапандарым әлі кішкентай болған соң  тек солардың ақшасымен күн көруімізге тура келеді. Алып келген азық-түліктеріңіз бізге бір көмек . Мұның өзі ақшамызға бір сеп. Бөбектеріме алып келген тәттілеріңіз үшінде қуаныштымыз, балалар бір марқайып қалды деп сөзін тәмамдады-  жалғыз басты ана.

Сонымен қатар, үйінде жұбайы екеуі ғана тұратын ардагерлерімізге де құр қол бармадық. Жастары келген кісілер болғандықтан жоғарғы қабаттан түсіп, көтеріліп азық тасу оңай шаруа емес. Қарттарымызбен шүйіркелесіп әңгіме айтып, көңілдерін аулады мекеменің кадр мамандары М.Тұрымбетов пен Д.Шахи.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...