Тергеу мекемесінде тағы бір адам босап шықты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азамат босап шықты.

ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі 3 тармағы бойынша бас бостандығынан айрылған «Е» есімді азамат жазасын №68 тергеу мекемесінде өтеген. Жазасын өтеу барысында мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған. Мұнда мекемеге қатысты шаруашылық қызметке қалдырылған азаматтарға арналған  барлық қызметтерді атқарған. Жұмыс жасау арқылы ай сайын айлық жалақы төленіп, жылдық демалысын уақытылы алып отырған. Сонымен қатар, мекемеде болған барлық іс-шараларға яғни, спорттық сайыстарға, ақын,жыршылардың шығармашылық шараларына белсенді қатысып жүлделер алып отырған. 13 қараша күні босатылып жатқан «Е» есімді азаматты ең алдымен айтулы күнімен құттықтаймын. Алдағы уақытта қайта жаза баспауына сеніміміз мол. Кез-келген іс-шаралардың белсендісі бола білді. Жазасын өтеу барысынды сын пікірлер айтылмады, сонымен қатар, артық мінез-құлқы жоқ. Қазіргі таңда, мекеме аумағынан босатылып жатқан азаматты жақындары қарсы алды, деп мәлімдеме жасады АКАӘПТЖБ бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесі елдің негізгі заңымен бекітілген....

Дербес кассациялық сот құрудың маңызы

Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында сот жүйесінің тиімділігі мен әділдігі...

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің тиімділігі артты

2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы...

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудағы сот төрелігінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуында азаматтардың, соның ішінде...

Әскери соттарда сот отырыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әскери соттар жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін...