Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жеке құрамның көлік құралдарын тексеру шарасы өтті.
Аталған шараны мекеме бастығы, әділет майоры Қ.Ильясовтың тапсырмасымен кадр саясаты бөлімінің аға испекторы әділет лейтенанты Жаннұр Даулетиярова ұйымдастырды.
Тексеруді ҚПБ ЖПҚБ ППБ қызметінің аға инспекторы А. Едігеев жүргізді.
Тексеру барысында ланшет арқылы ( ЕРАП) қазақша «ЕАБ — әкімшілік құқық бұзушылықтар базасына кіріп онлайн тексеру жасады.
Яғни:
жүргізу куәлігінің жарамдылығы,
техникалық байқаудың мерзімі,
салық төлемдерінің бар болуы,
сақтандыру полистері тексерілді.
Сондай-ақ, автокөліктің жай-күйі, көліктердегі болуға тиісті өрт сөндіргіш, алғашқы жәрдем көрсететін медециналық қобдишаның бар болуы да, қаралды.
- Жеке құрамның қызметтік көлігі де талапқа сай болуы шарт .
Бұл ҚАЖ қызметкерінің имидждік сыйпатына да әсер етеді.
Сондай-ақ, жеке құрам мүшесі ретінде автокөлік жүргізу барысында жол ережелерін бұзбай, текникалық тексерістің талапқа сай болуына аса мән беріп отырамын — дейді, жедел бөлім бастығы, әділет подполковнигі Өмірзақ Сейдахмет
Тексеру қортындысы нәтежиесінде, жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда және жүргізу бойынша еш мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ.


