Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты №68 мемлекеттік мекемеассамсінде 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, кадр саясат тобының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Жиында алғаш сөз алған мекеме бастығы,әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы барша ер-азамат қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
Әділет майоры өз сөзінде: Құрметті, Жеке құрам қызметкерлері мен барша ер-азаматтар, еліміздің қауіпсіздігін қорғау жолында ҚАЖ саласындағы атқарып жатқан табанды, қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көріп, шен дәрежелеріңіз өсіп, құрмет пен абыройға бөленіңіздер.
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар –деп, атаулы күнмен құттықтап, мерекелік лебізін жеткізді.
Бұдан соң іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасып, мекеменің озат қызметкерлері марапат төрінен көрінді
Бұл қызметкерлер арасында РжКБ-нің жедел уәкілі, майор С. Абсадықов,жедел бөлімнің аға жедел уәкілі Қ.Есжанов, АКАӘПТБ-нің инспекторы, аға лейтенанты С.Темірбек пен барлығы 14 қызметкер грамотамен марапатталды.
Бұдан басқа да 8 белді қызметкерге алғыс хат табысталды.
Сондай-ақ, мерекелік салтанатты жиынға арнайы шақыртылған запастағы подполковник Даутбаев Қуат Пазылұлын зейнет жасқа шығуымен құттықтаған мекеме бастығы,ұжым атынан арнайы сый- сиапат беріп,көпшілік алдында құрмет көрсетті.
18жылдан аса ішкі істер саласында табанды қызмет атқарған Қуат Пазылұлы мекеменің жедел бөлімін басқарған білімді де,білікті маман болған.
Салтанатты жиында әріптестері әділет подполковнигінің ерекше қасиеттерін дәріптеп,жас жеке құрам алдында мерейін үстем етті.
Жиын соңында алдыңғы толқын ағалар мен мекеменің кейінгі толқын қызметкерлері ескерткіш суретке түсті. Мерекелік жиын болғандықтан арнайы әншілер шақырылып, әуезді ән шашулар болды. Мекеменің әйел азаматшалары тарапынан ер азаматтарға кішігірім сыйлықтар ұсынылды. Осылайша , бұл күні тергеу изоляторының жігіттері құрметтеліп, мерейі өсті.


