Тергеу изоляторында заң үкімінің орындалуын қаржы бөлімі де қадағалайды

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас есепшісі Смайлова Мадина Сәрсенбайқызы мекеменің шаруашылық бөліміне жаңадан қосылған азаматтардың сұраныстары бойынша жеке қабылдау өткізді.

Сондай-ақ,шаруашылық жасағындағы сотталған азаматтардың сұрақтары бойынша да жалпылай түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бас есепшімен болған кездесу барысында сотталғандар, алименттердің өндірілуі, атқару парағының орындалуы, туыстарына айлық жалақасын аудару туралы және еңбек демалысына шығу мен мекемеден босатылуына байланысты есептік жалақы мөлшерін білу мақсатында, әртүрлі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Сот шешімі орындалуымен құнды. Сондықтанда жазаларды орындау мекемесінің бірі болып саналатын біздің тергеу изоляторында заң үкімінің орындалуына Қаржы бөлімінің де қатысы бар. Кейде сотталушылардың сот орындаушылардың әрекеттеріне дау айтатындары да жоқ емес. Бірақ біз оларға әрбір азамат мемлекет заңдарын сақтауға, сот шешімін орындауға міндетті екенін айтып түсіндіріп отырамыз.

Жалпы жазасын өтеушілерді еңбекке тарту негізінде, тек қана тәрбиелеу мақсаты ғана емес, қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі де жатыр.

Осыған орай, жыл басынан бері шаруашылық бөліміне қалдырылған 6 сотталған азамат өздерінің қылмысы бойынша, сот белгілеген шығындарын, яғни, 16 атқару парағы негізінде, айлық жалақысынан ұстай отырып толықтай өтеп, төлеп шықты — дейді, бас есепші.

Конституционные основы развития цифровизации

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЯВЛЯЕТСЯ ОДНИМ ИЗ МИРОВЫХ ЛИДЕРОВ В РАЗВИТИИ...

В учреждении средней безопасности прошел турнир по мини-футболу среди осужденных в рамках летней спартакиады

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

16 мамырда Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және...

Роза Есенқұлова: «Қасенов әкелік міндеттерден толықтай бас тартты»

Журналист Роза Есенқұлова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жолдасы...

Алматыда қазақ-қырғыз ғылыми интеграциясына арналған шара басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен...