Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №71 мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл іс-шара шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандардың туыстарына арналып, ұйымдастырылды.
«Ашық есік» күні шағын концерттік бағдарламадан басталды. Жазасын мекемеде өтеп жүрген сотталғандар ән мен тақпақтар айтып, жақындарымен бірге ұлттық «Қара жорға» биін орындады.
Сонымен қатар, сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Мерекелік-іс шарадан кейін, сотталғандардың туыстары мен жақындары мекеме аумағындағы тұрмыстық жағдайларымен таныстырылып, арнайы дайындалған мерекелік дастарханға шақырылды.


