Тергеу изоляторында «Амал мерекесі» насихатталды

Бүгін 14- наурыз көрісу күні-амал мерекесінде № 68 мемлекеттік мекемесінің Қаржымен қамтамасыз ету және Тыл бөлімінің әйел азаматтары бір- бірімен ерекше көрісіп амандасты.

Олар ежелден ұмыт қалған көрісу мейрамын жаңадан жаңғырту мақсатында, мейрамның имандылыққа, жақсылыққа негізделгендігін жас қызметкерлерге үлгі өнеге ретінде көрсетті.

Таңертең мекемеге ерте келген мекемеменің Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік сатып алу туралы инспекторы Маңызбаева Жадыра Маратқызы кішілігін, кісілігін көрсетіп, осы бөлімдегі қойма меңгерушісі болып жұмыс жасайтын,үздік қызметкер, ұлағатты ана Даутбаева Қарлығаш Өмірбекқызына ерекше сәлем беріп амандасты.

Бұдан бөлек мекеменің бас есепшісі Темірбекқызы Айгүл қаржымен қамтамасыз ету бөліміне келген әрбір мекеме қызметкерлерін есіктен қарсы алып, сәлем беріп, «Жасың құтты болсын!» деп тілектерін айтып, құшақтасып көрісті. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе — реніш ұмытылып, кешіріледі.

Бүгін отбасымда менің келіндерім ерте тұрып, дастархан жайып, әдеттегідей иіліп сәлем салып қана қоймай, құшақтап көрісті.

Бұл ізеттілігі менің көңілімді марқайтса, іс-әрекеті ұл-қызына өнеге. Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан бұл игі дәстүрді жаңғырту әрбір қазақ әйелінің парызы деп білемін.

Өйткені әйел, бір қолымен бесік тербесе, бір қолымен әлем тербейді «Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын» — деп, бата берген ұжымдағы жасы үлкен, сыйлы қызметкер Қарлығаш Өмірбекқызы осылайша, Амал мерекесінің ерекшелігін мекемедегі қызметкерлерге молынан насихаттап, әңгімелеп берді.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...