Петропавл қаласының дүкендерінің бірінде бір қорап темекі үшін ақыны төлемеу сот ісіне айналды.
Демалыс күндері досының үйінде болған кезде «А» азаматы ішімдік ішкеннен кейін жақын маңдағы дүкенге барды. Сатушыдан бір қорап темекі сұрап, ақы төлеуден бас тартты және қылмыс орнынан қашып кетті. Әңгіме барысында қылмысты жасаудың себебі оның мас күйінде болғанын түсіндірді.
Осылайша, азамат ауырлығы орташа санатқа жататын және ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша «Тонау», яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлау ретінде сараланатын қылмыс жасады. ҚР ҚАК 57-бабына сәйкес, Қызылжар ауданының тұрғыны жасаған қылмысы ол үшін қоғамдық жұмыстарға айналды. Сот үкімімен ол 300 сағаттық қоғамдық жұмыстарға сотталды және пробация бөлімінің есебіне алынды. Ауылдық округ әкімдігінің маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес сотталған адам қоғамдық жұмыстар кезеңінде ауыл аумағын абаттандыру және қысқы уақытта қар жинау жұмыстарымен айналысатын болады.
СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметін есепке қою кезінде сотталғанмен қайталама қылмыстарға жол бермеу және қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеу тәртібін сақтау бойынша профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді.
Сотталған адамның жеке басын, оның бейімділігін, қылмысқа ықпал етуі мүмкін тұрғын үй және отбасылық проблемаларын зерделеу мақсатында есепке алынған адаммен оны түзетуге бағытталған әңгіме жүргізілді.
СҚО бойынша ҚАЖД
Қызылжар аудандық ПҚБ инспекторы
әділет майоры
В.Никитенко


