12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тексеру бөлмесінің қырағы жауынгерлері

Түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу – Қылмыстық- атқару жүйесінің бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелерінің бірі. Ақтөбедегі №8 түзеу мекемесінің тексеру бөлмесіндегі қызметкерлердің қырағылығымен 2023 жылы мекеме аумағына әкелуге тыйым салынған 50 дана ұялы телефонның жолы кесілсе, 2022 жылы 54 дана телефон тәркіленді. Біз Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің Тексеру бөлмесінде болып, тексеру тобының маңызды жұмысымен танысып қайтқан болатынбыз..

Ақтөбедегі №8 түзеу мекемесіне келіп түскен сәлем-сауқатты қабылдау — мекеменің күту бөлмесінде сотталғандармен қысқа және ұзақ мерзімді кездесуге келген туыстарының өтініштерін қабылдаудан және олардың құжаттарының толыққанды тексерілуі, яғни тиістілік нормасына сәйкес заң шеңберінде болуын қадағалаудан басталады. Бұл ретте түзеу мекемесінің аумағына кіретін келушілерге мекеменің ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген: рұқсат етілген, сондай- ақ тыйым салынған заттардың тізбесі мен мекеме әкімшілігінің заңдылығымен құжат бойынша тағы бір ақпараттандырылып, таныстырылады. Ал мекеме әкімшілігінің рұқсатынан кейін сәлемдемелерді қабылдау үшін тінту жұмыстары санитария және гигиена нормаларына сәйкес тексеру бөлмесінде жалғасады. Бұл жерде Ақтөбе қаласының Ұлттық Ұлан 6655 әскери бөлімінің 1-ші атқыштар ротасы 1-ші бақылаушылар взводының бақылаушысы кіші сержант Жансая Таңатар мен аталған әскери бөлімнің бақылаушысы ефрейтор Самал Жайлаубаева және №8 түзеу мекемесінің режим бөлімінің тінту тобының жедел уәкілі әділет лейтенанты Малик Адильханов сәлемдемелерді толық тінтіп, тексереді.

Алдымен сотталғанға келушінің сәлемдемесі таразыға салынып, өлшенеді. Бұдан кейін сәлемдемеден, яғни азық- түлік пен заттардың ішінен мекемеге әкелуге тыйым салынған ұялы телефон, ақша, өткір кескіш заттар секілді т.б. заттардың бар-жоғы мұқият тексеріледі: ет кесектері, балық және шұжық өнімдері мен нан өнімдері пышақпен бірнеше бөлікке бөлініп, кесіледі. Жартылай фабрикаттары бар вакуумдық қаптамалар ашылады. Сусындар иіскеу арқылы тексерілсе, сұйық заттар басқа құтыға құйылады, Ал көкөністер мен жемістер ағаш таяқшамен тесіледі. Осылайша барлық азық-түлік пен заттар сүзгіден сүзілгендей мұқият тексеріліп, тексеру бөлмесі қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды.

«Таразыға салғанда сәлем-сауқаттың салмағы 20 кг-нан аспауы тиіс.Асып кеткен жағдайда, келушілердің өз қалауымен артық салмақ алынып тасталады. Бұдан бөлек, мекемеге шалғайда тұратын, мекемеге түрлі себеппен келе алмайтын туыстары сәлемдемені пошта арқылы да жөнелтеді. Олар да осы жерде таразыға салынып, толық тексеріледі.
Тағы бір айта кететіні, сотталғандардың денсаулығын сақтандыру мақсатында мекемеге жаз уақытында тез бұзылатын сүт және ет өнімдері, қауын-қарбыз секілді тағамдардың әкелінуіне тыйым салынады»,- дейді №8 түзеу мекемесінің режим бөлімінің тінту тобының жедел уәкілі әділет лейтенанты Малик Адильханов.

Толық тексерілген азық-түліктер мен заттар әрі қарай мекемедегі жазасын өтеуші сотталғанға жеткізілуі үшін мекеменің кіре берісінде орналасқан рентген-телевизиялық қондырғысына салынады. Осы жерде багаж бөлімінің рентген аппараты арқылы тағы бір тексеріліп, жөнелтіледі.

Айта кететіні, аталғандарға қарамастан сотталғандардың туыстары тыйым салынған заттарды түзеу мекемелерінің аумағына әкелудің түрлі жаңа схемаларын ойлап тауып, мекеме әкімшілігінің заңдылығын бұзуға бейім. Кейбір келушілер тыйым салынған затты сотталғанға жеткізу үшін небір фантастикалық айла-амалдарға да барып жатады. Нақты орын алған фактімен сөйлесек, бұған дейін №8 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғанмен ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматты тінту барысында күртесінің ішкі қалтасынан шаппа пышақ табылса, күйеуімен кездесуге келген әйелдің шұлығынан қомақты ақша тәркіленген. Ал сабынға есірткі тектес затты жасырып, түзеу мекемесіне өзімен бірге алып кірмек болған сотталғанның жұбайына 2 жылға мекемеге кіруге тыйым салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған.

Осылайша тексеру бөлмесіндегі қырағы қызметкерлер мекеме әкімшілігінің заңдылығын бұзғысы келетіндермен осылай «күресіп», заңбұзушылықтың алдын алуда барын салып келеді. Сондықтан оларды «көрінбейтін майданның батыл жауынгерлері» десек те артық емес.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
Фотоларды түсірген автор

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...