12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Татулық – тыныштық кепілі

Қоғамымызда дау-дамайды сотсыз шешу тиімділігі артып келеді. Сол арқылы  сот жүктемесі азайып, күрделі істерге бөлінетін уақыт аясы да кеңеюде. Күлтегін бабамыз айтқандай, «Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нәсіп». Жалпы алғанда татуластыру шараларының азаматтар арасындағы сыйластықтың сақталуына ықпалы зор. Бұл өз кезегінде тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз етеді.   

Шетел тәжірибесінен енгенімен, дау-дамайды бітімгершілікпен бітіру қазақ халқының қанында бар қасиет. Мұны дау шешудің ең озық үлгісін ұстанған билер институтынан көруге болады. Тіпті, адам шығыны болған жағдайдың өзінде екі жақты татуластырып, құн салығымен реттеп отырған. Қазіргі таңда медиация практикасы өркениетті елдердің барлығында  кең таралған.

Дау-жанжалды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің артықшылықтарына тоқталсақ, тараптардың алтын уақыты дау қууымен өтпейді. Себебі, сотта екі жақтың талабы бірдей қанағаттандырылмайды. Адвокат қызметі, т.б. бар, сот сатыларына шағымданып жүргенінде қаншама қаржылық шығынға ұшырайды. Айтысып-тартысып жүру адамның денсаулығына орасан зиянын тигізеді. Бірінші байлық денсаулықты қадірлейтіндер кез келген жағдайда жағымды қарым-қатынасты сақтауға бейім тұратынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Бұған қоса медиацияда мемлекеттік баж төлеушіге қайтарылады. Сондай-ақ, талапкер медиациялық келісімге талап арызда көрсетілгеннен басқа  талаптарын да енгізе  алады. Осы тұста айтып өтерлігі, татуластыру рәсімдері Азаматтық процестік кодекспен айқындалған. Медиацияны жүргізу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңымен де реттеледі.

Медияция тәртібі, татуластыру шаралары, партисипативтік рәсім, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы болсын, бұлардың барлығы тараптардың ерікті қалауымен жүзеге асырылады және әрқайсында заң талабына сай, судьялар мен медиаторлар, адвокаттар, заң кеңесі консультацияларының мүшелері жәрдемдеседі. Бұл жердегі басты мақсат – дауды тараптардың өзара келісіммен аяқтауына қол жеткізу болып табылады.

Мысалы, партисипативтік рәсімде адвокаттар мен заң кеңесі консультациялары мүшелерінің белсенділігі басты роль ойнайды. Себебі, қызметіне жүгінушілерге дауды сотсыз шешудің тиімді тұстарын жеткізіп, сол арқылы екі жақты да ортақ мәмілеге ұйыта білу олардың кәсіби шеберлігінің бір қыры болып саналады. Тараптар көзқарасы мен пікірінің үйлесім табуы  келіссөздердің нәтижелілігіне алып келеді.

Тараптардың бірі медиация туралы шартты орындамаған жағдайда, екінші жақ сотқа жүгініп, оны орындатуға құқылы. Кінәлі немесе кінәсіз ұғымының медиацияда қолданылмауы тараптардың өзара түсінісуіне жол ашады. Бітімгершілік жолының адам құқығы мен заңды мүддесін тиімді тәсілдермен қалпына келтіруді көздеуі дауласушыларды өзара ынтымақтастықта әрекет етуге талпындырады. Дау шешудің баламалы тәсілдерінің басты құндылығы да осында.

Халқымыздың «Бітімгершілікте береке бар» немесе «Бірлік болмай, тірлік болмас» деуі бекер емес. Дау-жанжалды тиімді шешуде біріге білсек, тірлігіміздің де берекелі болары анық. Заңмен берілген мүмкіндіктерді пайдалану арқылы қоғамдағы даукестікті азайтуға атсалысу әрбір қазақстандықтың азаматтық міндеті дегім келеді.

Нұрлан Қалиев,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...