Тараптар сот отырысына аудио-бейне байланыс қосымшасы арқылы сот отырысына қосылуда

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталған азаматтар ҚР ҚК 72 бабы — жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға, ҚР ҚК 73 бабы — жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту бойынша өтініш білдіріп, іс «Zoom» бағдарламасы арқылы мекемеде онлайн қаралады. Жазасын өтеушілердің қылмыспен келтірілген шығындарын толық өтеп, түзелу жолына түскен тәртібі түзу сотталған азаматтарға ізгілік актілері қолданылуда. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырысы онлайн режимде «Zoom» бағдарламасы арқылы қаралуда. Сот отырысына қатысушыларға сот процесіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беретінін гаджеттер арқылы сот процестерін өткізу айтарлықтай жылдамдататынын, сот төрелігіне кедергісіз және қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететінін айта кету керек.
«Тараптар сот отырысына аудио — бейне байланыс («Zoom», «WhatsApp») қосымшасы арқылы сот отырысына қосылады. Сот отырысының хатшысы процесс жайлы алдын — ала ескертеді, процеске қатысушы бағдарламаға кіруді жүзеге асырады және мобильді бейне-конференц-байланыстың жазбасын растауға сұрау салуды қабылдайды. Бұл қосымшаға қосылу үшін қажетті құрал – жабдықтармен мекеме қамтамасыз етіп отыр» — деді мекеменің тәрбие бөлімі бастығы әділет аға лейтенанты Мағжан Әбдімажитов.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...